Орталық туралы
Университет BR21881939 «Тау-кен-металлургиялық кешен үшін ресурс үнемдейтін энергия түрлендіретін технологиялар әзірлеу және инновациялық инжиниринг орталығын құру» ғылыми-техникалық бағдарламасын, ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетімен жасалған (15.11.2023-да № 446-ПЦФ-23-25) шарт бойынша 2023-2025 жылдарына бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру шеңберінде орындалуда.
Бағдарламаның мақсаты: Тау-кен-металлургиялық кешен үшін ресурс үнемдейтін энергия түрлендіретін технологиялар әзірлеу және инновациялық инжиниринг орталығын құру.
«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 19.02.2025-нан (протокол №01) шешімі мен университетінің 20.02.2025-та № 80-П/Ө жарлығы бойынша, Сәтбаев көшесі, 22-де тау-кен-металлургиялық институтының 600 м2 алаңда Инновациялық инжиниринг орталығы құрылды. Оның құрамына 8 лаборатория кіреді:
- - Түрлі қурылыс блоктардан кен шығару технологияларды сандық және компьютер модельдеу лабораториясы
- - Геомеханика және геотехнологиялар лабораториясы
- - Химиялық анализ зерттеулер лабораториясы
- - Кендерді байытылғыштыққа зерттеу лабораториясы
- - Пиро-гидрометаллургиялық зерттеулер лабораториясы
- - Металлургиялық процестер мен ұнтақтық металлургия лабораториясы
- - Нанотехнологиялар мен наноматериалдар лабораториясы
- - Экологиялық мониторинг лабораториясы
Лабораториялардың негізгі бағыттары:
- 1) Жарылған күрделі-құрылымды кертпеш, үйілімнің ішкі құрылысының аутоматталған болжамдау. Кендерді шығынсыз және құнарсыздандырусыз шығаруға арналған инновациялық кен шығару технологияларын әзірлеу. Қатты пайдалы қазбалар шығаруын оңтайландыру үшін тау-кен жұмыстарды есептеу және атоматтандырылған жобалау үшін бағдарламалық жасақтама әзірлеу
- 2) Күрделі тау-кен-геологиялық жағдайда пайдалы қазбаларды шығаруыныә ресурстарды үнемдейтін технологиялар әзірлеу. Басты мақсат – GCTS (АҚШ) компаниясының сервогидравликалық системаларың пайдаланып кендерінің физик-механикалық сипаттарың анықтау. Жерасты тау-кен қазындылар кеңістігінде, әсіресе геологиялық бұзылым аймақта, қауіпсіз бағдарлау, және тау сілем ашылуының шектік күйінде кен орындарының ашық игеру жұмыстарын өткізу нәтижесінде бірнеше отандық тау-кен өндірістерде минерал-шикізатты базасының арттауы өткізілді. Соның нәтижесінде ғылыми зерттеу жұмыстарына шығындары он-жүз мыңдаған мәртеге азайды
- 3) Заманауи құрал-жабдықтарын қолданып кендерді және олардың өндеу өнімдерің минералогиялық зерттеулер, атом-абсорбциялық және масс-спектрлік талдауын өткізу, ионды хроматография әдіс қолданып өнімді ерітінділерде ионд және катиондарды анықтау. Заманауи жоғары өндірмелі энергодисперсиялық рентген-флуоресцентті (EDXRF) Rigaku NEX CG II спектрометрын қолдап кендердің және олардын өнімдерің элементты талдауын өткізу. Сонымең қатар, кендердің текстуралық-құрылымдық және морфологиялық қасиеттерді талдау
- 4) Минералдық және техногендік шикізатты байытудың әзірленген технологияларын гравитациялық, флотациялық, магниттік байыту әдістерімен лабораториялық, ірі лабораториялық және жартылай өндірістік сынаулар жүргізу, кендердің физик-механикалық қасиеттерін зерттеу бойынша қызметтер көрсету (меншікті салмақ және көлемдік салмақ; Протодьяконов бойынша беріктік; Бонд индекстері). Нәтижелер жұмыс істеп тұрған байыту фабрикаларындағы технологияларды оңтайландыру және жаңа кен орындарын байыту технологияларын әзірлеу үшін қолданылады;
- 5) Кендер, өнеркәсіптік өнімдер және байыту мен металлургиялық өндіріс қалдықтарын күйдіру, қорыту, үйінділі және агитациялық сілтісіздендіру, ерітінділерді сорбциялық өңдеу әдістерін қолдана отырып пиро- және гидрометаллургиялық өңдеу. Технологиялық регламенттер беру арқылы металлургиялық кәсіпорындар үшін тиімді технологиялар әзірлеу.
- 6) Экстракциялық металлургия, ұнтақ металлургиясы, металлургиялық жылутехника саласында зерттеулер жүргізу және түсті металдар ұнтақтары, отқа төзімді материалдар және арнайы мақсаттағы қорытпалар түрінде арнайы материалдар алу, жылутехникалық есептеулер мен материалдар құрамын талдау жүргізу. "Кілтпен тапсыру" технологиясын әзірлеу — шикізаттан дайын металл ұнтағы мен наноұнтақтарға дейін.
- 7) Наноматериалдар синтезі технологияларын әзірлеу (жартылай өткізгіштер, полимерлер, био- және наноматериалдар, композиттер және т.б.). Нанотехнологияларды қолдана отырып, өндірістік қалдықтар негізінде жаңа материалдар жасау. Зерттеулер шеңберінде әртүрлі салаларда қолдануға арналған жартылай өткізгіш материалдар, геополимерлер және нанокомпозиттер әзірленуде. Суды және ауаны тазартуға арналған экологиялық бағытталған наноматериалдарды жасауға ерекше назар аударылады.
- 8) Топырақ, су нысандары, атмосфералық ауаның мониторингтік зерттеулері; беткі, жерасты және ағынды сулардың гидрофизикалық, гидрохимиялық сипаттамаларын анықтау; лабораториялық зерттеулер үшін су, топырақ үлгілерін алу; ГМК кәсіпорындары үшін тұрмыстық-шаруашылық және өндірістік ағынды суларды тазарту технологиясын әзірлеу; Тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындары үшін кешенді экологиялық рұқсат алу жобаларын әзірлеу; ГМК инжиниринг орталығының әзірленетін жобаларының эколого-экономикалық сүйемелдеуі.
Қазіргі уақытта лабораториялардың аккредитациясына өтінім процедурасы жүріп жатыр. Бұл шығарудан бастап дайын өнімін алуға дейін минералды және техногендік шикізатының сапасын бағалауының толық циклін қамтамасыз етеді.