Тау-кен бағытында 3 зауыт ашылған

2025 ж. 9 қыр.

Тау-кен саласы заманауи технологиямен жабдықталған тағы зауытпен толығады. Мемлекет басшысы Үкіметке металлургия саласын жаңа деңгейге көтеруді міндеттеді.

Президенттің айтуынша, бұл сала ел экономикасының берік тірегіне айналғанымен, әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Әсіресе сирек кездесетін металдарды терең өңдеу ісінде мол мүмкіндік бар.

Бүгінде мұндай элементтердің маңызы бүкіл әлемде артып келеді. Өйткені олар ғарыш өнеркәсібінде, энергетикада, сондай-ақ, электр көліктеріне арналған батарея жасауда кеңінен қолданылады.

Осы тұрғыда Қазақстанның ғалымдары нақты нәтижелерге қол жеткізе бастады. Мәселен, елде жаңа инновациялық орталықтар ашылып, жас ғалымдар сирек металдарды байыту мен қайта өңдеу бағытында зерттеулер жүргізуде.

Сарапшылардың айтуынша, бұл бастамалар Президент тапсырған жаңа өндірістердің ілгерілеуіне серпін бермек.